Басты бет
ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі – өлке тарихынан сыр шертетін рухани-мәдени құндылықтарды, өңірдің баға жетпес байлығы-асыл мұралары мен танымал тұлғалары туралы деректерді жинақтап, зерттеп-зерделеп, насихаттап, облыс пен республиканың мәдени өміріне өз үлесін қосып келе жатқан бірден-бір тарихи-ғылыми мәдениет ошағы.
Облыстық әдістемелік орталық болып табылатын музейдің төрт филиалы бар:
- Түпқараған аудандық филиалы.
- Жаңаөзен қалалық филиалы.
- Бейнеу аудандық филиалы.
- Маңғыстау аудандық филиалы.
Облыстық музейде Әбіш Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған, Қазіргі Қазақстан, Тарих, Археология, Мұнай өндірісі, Ақтау қаласы және Қазақстан халқы ассамблеясының тарихы экспозициялық залдары, сонымен қатар «Этнография» және «Маңғыстаудың түз тағылары», «Тетис құпиялары» көрме залдары жұмыс жасап тұр.
Болашақ ұрпағымызды төл мәдениетімізбен сусындатып, ұлтымыздың арғы-бергі тарихы, ата-бабамыздың алақанының табы қалған керемет жауһар жәдігерлер сақталған рухани орда музейіне қош келдіңіздер!









